Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Қостанайда мұз аренасы салынып жатыр

155 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайда мұз аренасы салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайда мұз аренасы салынып жатыр

"Екі жарым мың көрерменге арналған "Мұз сарайы"  кешенінің жалпы ауданы 8,6 мың шаршы метр болады. Спорт нысаны биыл желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Қазір құрылыс басында ішкі әрлеу, кешеннің айналасын абаттандыру, қажетті құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүріп жатыр.

1

Қостанай қаласының орталығында бұған дейін де бір мұз сарайы жұмыс істеп келген. Бірақ бұл спорт нысаны балаларға арналған жаттығуларды өткізуге қолайлы болғанымен, ірі жарыстарды ұйымдастыруға таршылық етіп келген. Ал жаңа мұз аренасы жыл он екі ай бойы оқу-жаттығу өткізіп, хоккей, мәнерлеп сырғанау және басқа да спорт түрлерінен ірі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұнда ауқымды ойын-сауық, мәдени шараларды өткізуге де болады.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов нысан басына барып, мұз сарайында жүріп жатқан құрылыс барысымен танысты. Сол жердегі Словакия Республикасынан келген мердігер компанияның өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Қостанай қаласында Мұз аренасының құрылысын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

"Спорт сарайының құрылысын словакиялық компанияға сеніп тапсырған болатынбыз. Бүгін құрылыс нысанын тағы бір аралап, көріп шықтым. Жалпы," H+H Technika" компаниясының бұл салада тәжірибесі мол. Бұған дейін де Чехияның Быстрижице, Вешков, Телч қалаларында 3 мұз сарайын салып, еуропалық сарапшылардың оң пікіріне те болған. Қазірше пандемияға байланысты мұз аренасына арналған жабдықтарды жеткізу тоқтап тұр. Осыған қарамастан, мердігерге осы жылдың соңына дейін нысанды пайдалануға беруді тапсырдым", деді облыс әкімі. 

Соңғы жаңалықтар