Кәсіпқой бокс • 29 Қыркүйек, 2020

Мэннидің тағы бір мәрттігі

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филиппиннің даңқты боксшысы Мэнни Пакьяо мен Ирландияның атышулы аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор келесі жылы рингте күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Мэннидің тағы бір мәрттігі

Жанкүйерлердің дені осындай кездесулерді спорттық сайыс емес, шоу ретінде қарастырады. Яғни жеңіл жолмен ақша табудың амалы. Иә, Макгрегорға дауа жоқ. Ол пайдаға кенелдуді сан алуан түрін жетік меңгерген. Ал тапқан таянғанын үнемі халықпен бөлісіп, үнемі қайырымдылық шаралардың басы-қасында жүретін Пакьяоны осындай қадамға баруға не итермеледі екен? Дәп осы сауал бірер аптадан бері миллиондаған жанкүйердің көкейінде жүрді.

Жоғарыдағы сауалдың жауабын күні кеше ғана білдік. Жүрегі жұмсақ, қолы ашық, зерде-парасаты мол даңқты кәсіпқой боксшы бұл жолы да жомарттық танытуды құп көрген екен. Бокс ережесі бойынша өтетін алдағы жекпе-жектен қыруар қаржы түсетінін Мэнни жақсы білгеннен соң келісім берген. Сол қаражаттың басым бөлігін ол коронавирустың зардабын тартқан Филиппин халқының игілігі үшін жұмсауды көздеп отыр.