08 Қараша, 2013

Ақпараттар ағыны

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл шетелдерге 10 млн. тон­на астық шығарылады. Ауыл шаруа­шы­лығы вице-министрі Мүслім Өмірияев сонымен бірге, өткен жылы бұл деңгей 7,1 млн. тоннаны құрағанын баяндай келіп, бүгінге дейін алқаптардың 97 пайызында өнім жиналып алынғанын мәлімдеді.

 

Биыл шетелдерге 10 млн. тон­на астық шығарылады. Ауыл шаруа­шы­лығы вице-министрі Мүслім Өмірияев сонымен бірге, өткен жылы бұл деңгей 7,1 млн. тоннаны құрағанын баяндай келіп, бүгінге дейін алқаптардың 97 пайызында өнім жиналып алынғанын мәлімдеді.

Қазақстанда 2020 жылға дейін кө­лік логистикасын дамытуға 60 млрд. доллар инвестиция құйылады. Осы­ны хабарлаған «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Мамин енді елі­міз­де көлік активтерін, магистральдық инфра­құрылымды және терминалдарды ықпалдастыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Ақбұлақ» бағдарламасы ауыл­дарды ауызсумен қамтамасыз етуді биыл тиянақтайды. Бұл туралы хабарлаған Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев жыл соңына дейін 341 ауылды жерасты сулары қорларымен қамтамасыз ету, жерасты суларының 35 кен орнының қорларын қайта бағалау жолындағы іздестіру-барлау жұмыстары аяқталатынын айтты.

Шымкентте «Дін және әйел» форумы болып өтті. Облыс әкімдігінің бастамашылығымен қанат жайған жиын аталмыш тақырыпты қоғамдық ортада жан-жақты талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастыруды, жастардың ислам дінінің негіздері туралы дұрыс мағлұмат алуына ықпал етуді көздеді.

Семей қаласында өткен актив жиналысы Елбасы тапсырмаларының жүзеге асырылу жайын талқылады. Оны жүргізген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған сын-ескертпелердің орындалу барысы жөнінде есеп алып, алда атқарылатын жұмыстардың жайын анықтады.

Қостанай коммунистері Ұлы Октябрь революциясының 96 жыл­ды­ғын атап өтті. Қазақстан коммунистік партиясы облыстық филиалының мүшелері оны қаладағы Жеңіс саябағы алдындағы Ленин ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бас­тады.

Атырауда адам саудасымен айналысатын өзбек әйелі қолға түсті. «Белгілі болғандай, соңғы 2,5 жыл бойы ол Өзбекстан азаматшаларын Қазақстанға жезөкшелікпен айналысуға жіберіп отырған», – деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Nur.kz, Bnews.kz,

TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар