Үйінің ауласындағы шағын бөлмелердің бірін саңырауқұлақ инкубаторына айналдырып, екіншісінде өсіруде. Мамандардың айтуынша, 100 грамм саңырауқұлақ құрамында 70 грамм ет, 2 кило алма, 300 грамм фундук-орман жаңғағы,10 дана қызанақтың калориясын береді екен.
Кәсіп ашып қана қоймай, Кентау қаласының тұрғындары Әділет Елшібек, Владимр Поздников есімді мүгедек азаматтарды жұмыспен қамтыды. Алдағы уақытта кәсібін ұлғайтып, еңбекке жарамды мүгедек азаматтарды жұмыспен қамтуға ниет етіп отыр.
Ол саңырауқұлақ қалдықтарын жеміс ағаштарының түбіне орналастырып, мәуесінің мол болуына да көңіл бөлуде. Қазіргі кезде ауласында жүзім, жаңғақ, анар, інжір, орман жаңғағы, сарғал, алша, итмұрын жемістерін өсіруде. Болашақта ананас, банан өсіріп көрмек. Кәсіп иесі мұнымен тоқтап қалмай, Кентау қаласындағы колледжінде шағын жылыжай құрылысын бастап кеткен. Алдағы уақытта калифорниялық шұбалшаң өсіріп, жерді табиғи қопсытуды әрі балықшыларға сатуды да ойластыруда. Бәрінен бұрын кәсіпкер Гүлнәр Ниязова қалдықсыз өнім өндіріп қана қоймай, оны күтіп баптауға мүгедек жандарды көптеп тартуды мақсат етіп отыр.
Ескендір ЕРТАЙ