Саясат • 30 Қыркүйек, 2020

Адалдық пен сенім бастауы – ашықтық

358 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Адалдық пен сенім бастауы – ашықтық

Бұл тәсіл «Халық үніне құ­лақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасының іске асырылуы мен мемлекеттік аппараттың азаматтардың сұраныстарына ден қоюын арттыру жөніндегі одан әрі жасайтын қадамы.

Осыған орай, Президент көмекшісі-Қауіпсіздік кеңе­сінің хатшысы Ә.Исекешев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының сервистік үлгісімен танысып, оның арнайы мониторингтік тобы, ақпараттық-ағарту штабы, Ардагерлер кеңесі мен «Астана – Адалдық алаңы», «Protecting Business and Invest­ments», «Ашық бюджет» жоба­ларының жетекшілерімен және қоғам өкілдерімен кездесті.

Азаматтық қоғам өкіл­дері­мен кездесу барысында Агент­тік төрағасы А.Шпекбаев ел бас­шылығының саяси ерік-жігерінің арқасында қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы озық халықаралық стандарттар­ды жедел енгізу жалғасып жат­қа­нын атап өтті. Бұл ретте олар­дың едәуір бөлігі мемлекеттік ба­қы­лаудың баламасы ретін­дегі қоғамдық бақылауды дамы­туға бағытталған.

Қауіпсіздік кеңесінің хат­шысы мемлекеттік орган­дар­дың халыққа қызмет көрсе­тудің сервистік үлгісіне көшуі білім беру, денсау­лық сақтау, халықты әлеумет­тік қамтамасыз ету, жер қатынастары жә­не тағы басқа салалардағы тұр­мыс­тық жемқорлықты жоюдағы та­быстың негізгі фактор­ларының бірі екендігін атап өтті.

Ә.Исекешев Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы ведомствоның елордалық департаменті қыз­мет­керлерінің open-space каби­неттеріне барып, мұндай тәсіл­дің транспаренттілік пен се­нім қалыптастырудың қолай­лы жағдайын жасаудағы маңыз­дылығына тоқталып өтті.

Жалпы, «Antıkor Ortalyǵy» сервистік орталығы Агенттіктің қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттестігі мен халықпен кері байланысты қамтамасыз етудің  тиімді алаңы.

«Астана-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Мирас Шекенов Агенттіктің ел­орда әкімдігімен тиімді өзара әре­­кеттестігі туралы айта келе, тұр­­мыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолай­лы жағ­дай жасау бойынша жем­қор­лыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылу барысын баяндады.

Жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелерінде цифрлан­дыру ерекше орын алады. Мем­лекеттік мекемелердің бюд­жет қаражатының жұм­салуын он­лайн режімде қоғам­дық бақы­лау мүмкіндігін қамта­ма­сыз ететін «Ашық бюджет­тер­дің интерактивті картасы» жә­­не азаматтардың қаржылық сауат­­тылығын арттыруға ба­ғыт­­тал­ған «Ашық бюджет» жо­­ба­­сы ерекше қызығушылық ту­­дырды.

Ә.Исекешев кездесудің қо­ры­­тындысы бойынша қоғам өкілдерінің бастамала­рын қолдап, мемлекеттік ор­ган­дардың ашықтығы мен айқын­ды­ғын және олардың қоғам­мен сындарлы ынтымақтасу қа­жеттігін атап өтті. Онда әр өтініш бю­ро­кратиялық кідірістерсіз жә­не азаматтарды жоғары тұр­ған мемлекеттік органдарға жү­гінуге мәжбүрлемей барынша сапалы қаралуы тиіс.