08 Қараша, 2013

Осман империясы патшасының шапаны қазақстандық ғалымның иығына жабылды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IMG 4226Ыстамбұл қаласындағы Шы­ра­ған сарайында өткен Ататүрік атын­­­­дағы халықаралық Түрік тарих академиясының жиналысы барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің түркітану, алтай­тану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы аталмыш ака­демияның мүшелігіне қабыл­­­дан­ды. Айта кетерлік бір жайт, Қаржаубай Сартқожаұлы – бұл ұйымның құрамына енген тұң­ғыш қазақстандық ғалым.

 

IMG 4226

Ыстамбұл қаласындағы Шы­ра­ған сарайында өткен Ататүрік атын­­­­дағы халықаралық Түрік тарих академиясының жиналысы барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің түркітану, алтай­тану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы аталмыш ака­демияның мүшелігіне қабыл­­­дан­ды. Айта кетерлік бір жайт, Қаржаубай Сартқожаұлы – бұл ұйымның құрамына енген тұң­ғыш қазақстандық ғалым.

Салтанатты іс-шара үстін­­де Ататүрік атындағы халық­­­­­ара­лық Түрік тарих академия­сы қазақстандық ғалымның үсті­не 1512-1520 жылдары Осман империясының патшасы Явуз Селим киген шапанды жауып, академия рә­мізін ұсынды. 1931 жылы Мұстафа Ке­мал Ата­түрік­тің ұсы­нысымен құрылған аталмыш академия түркі тарихын зерт­тейтін әлемнің 40-тан аса мем­лекеттерінің ғалымдарын топ­тастырып отыр. 62 адамнан тұратын ұйымның мүшелігі төрт жылда бір рет толықтырылады.

Ататүрік атындағы халық­­­ара­лық Түрік тарих академия­­­­сының басқосуында қазақ­­­­стан­дық ға­лым, профессор Қаржаубай Сарт­­қожаұлы «Байырғы түрік мә­­­­­­тіндерін оқудың теориялық және әдістемелік мәселелері» деген та­­қырыпта баяндама жасады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22