Ауа райы • 30 Қыркүйек, 2020

Қазанның алғашқы күндері ауа райы қандай болады

1392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазанның алғашқы күндері ауа райы қандай болады

"Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінің ауа райына Солтүстік-Батыс циклоны әсер ететін болады. Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, көбінесе жаңбыр түрінде. Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады", делінген хабарламада.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.