08 Қараша, 2013

Құттықтау жеделхатын жолдады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонға оның Тәжікстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонға оның Тәжікстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Өз құттықтауында Қазақстан Президенті сайлаудағы жеңіс Тәжікстан халқының Э.Рахмонға және оның елдегі тұрақ­тылықты сақтау, тұрғындар әл-ауқатын арттыру бағытына деген жоғары сенімінің белгісі екенін атап өткен. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің қызметі елдің одан әрі өркендеуіне септігін тигізетініне сенімін білдірген.

«Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қа­зақстан мен Тәжікстан ара­сын­дағы көпжоспарлы ынты­мақ­тас­тықтың аясы біздің бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін алда да кеңейіп, нығая түсетініне сенемін», – делінген жеделхатта.

Жеделхат соңында Нұрсұлтан Назарбаев Э.Рахмонға зор денсаулық және жаңа табыстар, сондай-ақ, достас тәжік халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген.

Соңғы жаңалықтар

100-ге жуық байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 08:17

Асыл тас хикаясы

Таным • Бүгін, 08:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10

Үшем өмірге келді

Қоғам • Бүгін, 07:55