Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020

Бауырластар ауылында жаңа мешіт ашылды

641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласындағы Бауырластар ауылында жаңа мешіт ашылды.  Бұл мешітке ҚМДБ шешімімен "Қайырқожа" атауы берілгендігі туралы оның  ашылу салтанатында Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан жұртшылыққа хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бауырластар ауылында жаңа мешіт ашылды

Бас мүфтидің бұйрығымен Саметов Сұңғат осы мешіттің имамы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Әйтеке би ауданының Бас имамы және облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің найб имамы қызметтерін атқарған.

Л

Облыстың бас имамы  Төлеби Оспан имандылық үйін салып берген барша азаматтарға алғыс білдіріп, осы жердің ақсақалдары М. Қиынбаев пен М.Жаманғаринге Бас мүфти марапаты мен Құран Кәрім тарту етті. Осы шараға арнайы келген Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров  мешіт құрылысына қатысқан азаматтарға алғысын білдіре отырып, имандылық үйінде   жастарды отансүйгіштікке баулу, еңбек етіп, кәсіп ашып, ел игілігі үшін қызметтер атқаруға шақыратын  мазмұнды да, мағыналы кештер ұйымдастырылатындығына сенім білдірді. Бұл үшін мешіттің жанында ақсақалдар кеңесі тұрақты түрде жұмыс істеуі керек, Шара соңында пандемия кезінде қайтыс болған марқұмдардың рухына Құран бағышталды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50