Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020

Елорда әкімі еріктілер мен белсенді азаматтарға "Халық Алғысы" медалін табыстады

11 рет көрсетілді

Кездесуде құрамына волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстардың барлық өкілі кіретін бірыңғай платформа құру мәселесі талқыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қалалықтар пандемия кезінде ұйымшылдық танытты, жақындарына көмектесіп, COVID-19 таралмауына өздерінің үлесін қосты. Еріктілер бақылау-өткізу бекеттерінде кезекшілік атқарды, дезинфекция жасауға қатысты, жедел штабта да жұмыс істеді. Азаматтарымыздың тұрмысы төмен санаттарына дәрі-дәрмек, азық-түлік пен қорғануға арналған заттарды таратты. Бірлескен еңбектің арқасында жағдайды тұрақтандыра алдық.

Мемлекет басшысы қайырымдылық, волонтерлік ұйымдар және бизнес саласы өкілдерімен онлайн кездесуде қайырымдылық пен волонтерлік пандемия кезінде жалпыұлттық деңгейге жетіп, әлеуметтік нормаға айнала бастағанын айтты. Президент волонтерлік қызметті дамыту, қайырымдылық және меценаттықты қолдау – мемлекеттің ұзақ мерзімді басымдығы екенін атап өтті.

Елбасы бастамасы бойынша құрылған "Біз біргеміз" қоры мыңдаған отбасыға қаржылай көмек көрсетті, қалалықтар жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытты.

Кездесуде құрамына волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстардың барлық өкілі кіретін бірыңғай платформа құру мәселесін талқыладық. Бұл ешкім шет қалмас үшін мұқтаж адамдарға жеке-жеке көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұған қоса бөлінген көмектің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ волонтерлік ұйымдарды дамыту және қолдаудың бірқатар бағыты жайлы сөз қозғадық.

Бүгін Президент атынан белсенді еріктілер мен азаматтарға "Халық Алғысы" медалін табыстадым. Осындай қиын кезеңде аянбай еңбек етіп, өзара жәрдемдескендеріңіз үшін алғыс айтамыз", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар

Тыңғылықты дайындық бар

Қоғам • Бүгін, 08:26

Тұтынушыларға тікелей сата алады

Экономика • Бүгін, 08:17

Аймақта діни ахуал тұрақты

Аймақтар • Бүгін, 07:33

Сүйем сені, беу өмір!..

Руханият • Бүгін, 07:25

Құдықсай ауылы көмір тасып алды

Аймақтар • Бүгін, 07:24

Көпбалалы ананың кір сабыны

Экономика • Бүгін, 07:23

Махаббат сағызы

Руханият • Бүгін, 06:58

Алғаш рет әуеге көтерілді

Аймақтар • Бүгін, 06:51

Өз еліңдей ел болмас

Руханият • Бүгін, 06:50

Дағдарыс кезіндегі SEO

Технология • Бүгін, 06:34

Түз тағысын тізгіндеген

Қоғам • Бүгін, 06:31

Ұқсас жаңалықтар