Тағайындау • 30 Қыркүйек, 2020

Оралда Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

667 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқарма басшысының лауазымына Жасұлан Жолдыбайұлы Халиуллин тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Халиуллин Жасұлан Жолдыбайұлы 1985 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін "Есеп және аудит" және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

– Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық қазынашылық бөлімінің жетекші және бас маманы;

– Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің бас маманы;

– Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2015 жылдан Батыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.