08 Қараша, 2013

Сенатор өз ұстанымына сенімді

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

20120702205034Кеше «Қазмедиа орталығында» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары мен айтқан сын-ескертпелері туралы өз ойын сенатор Сергей Плотников ортаға салды.

Кеше «Қазмедиа орталығында» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары мен айтқан сын-ескертпелері туралы өз ойын сенатор Сергей Плотников ортаға салды.

Қаржы және бюджет коми­те­тінің мүшесі Сергей Плотников өзінің сөзінде Президент жа­риялаған «Қазақстан-2050» Стра­тегиясын қолдауға бағыт­талған пікірлері мен ел­дегі макроэкономикалық тұрақ­тылықты сақтау үшін не істеу ке­ректігін ортаға салды. Соның ішінде ол Жолдаудың еліміздің макроэкономикалық жағдайын оңалтуға арналғанын, әсіресе, бюджеттік саясатты жетілдіруді көздейтінін жеткізді. Осы мақ­сатты орындау үшін екі түрлі тұжырым қабылданды. Оның біріншісі – жаңа бюджеттік саясат және екіншісі – нәтижелілікті бағдарға ала отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру.

Бірінші тұжырым ел­дің қаржылық жағдайын тұрақ­тандыруды, бюджеттік шығын­дардың нәтижелілігін арттыруды мақсат етеді; екінші тұжырым теңгерімді стратегиялық, эко­но­микалық, бюджеттік жоспарлауды жетілдіруге бағытталған. Осы мақсаттарды орындау үшін бірнеше заңнамалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобалары әзірленді. Қазір олар Сенаттың комитеттерінде талқылану үстінде, деді ол.

Сондай-ақ, сенатор өзінің сөзінде макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін сақтау үшін Үкімет не істеуі керек дегенге тоқталып, ол үшін бюджет саясаты тапшылықты азайтуға бағытталған ережені нық ұстанғаны мақұл екенін айтты. 2020 жылға дейінгі аралықта бюджет тапшылығын ІЖӨ-нің 1,4 пайызындай деңгейге түсіру керек. Ұлттық қордың қаражаты тек шектеулі көлемде жұмсалғаны дұрыс. Бюджеттің шығыс бөлігінің артуы тек салықтың көбеюі есебінен болғаны жөн. 2018 жылға дейін ағымдағы шығыстардың бәрін мұнай секторының табысынан емес, басқа түсімдер арқылы жабу жоспарланып отыр, деді ол.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар