08 Қараша, 2013

Байқау жүзеге асырылды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ТМД байқаушылары миссиясының құрамында 2013 жылғы 6 қарашадағы Тәжікстан Республикасы президенті сайлауының барысын байқауды жүзеге асырды.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ТМД байқаушылары миссиясының құрамында 2013 жылғы 6 қарашадағы Тәжікстан Республикасы президенті сайлауының барысын байқауды жүзеге асырды.

5 қарашада Қазақстанның Ортсайлаукомы басшысы Тәжік­стан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының төр­ағасы Ш. Шохиёнмен кездесті.

Аталған кездесу шеңберінде Тәжікстан Республикасы сайлау жүйесінің әртүрлі қырлары, сондай-ақ, ел президентін сайлау бойынша сайлау науқанының барысы талқыланды.

Кеше Қ.Тұрғанқұлов Душанбе қа­ласындағы бірқатар сайлау учас­ке­леріне барып, дауыс беру және дауыстарды санау рәсімдерін ұйым­дастыру ерек­ше­ліктерімен, учас­ке­лік сайлау комис­сия­лары­ның жұмысымен, сайлау үдерісінің айқындығын және оның ұлттық сайлау заңнамасы нормаларына сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін олардың қолданатын шараларымен танысты.

Тәжікстан Республикасы пре­зидентінің сайлауын байқауды Қазақстан Республикасының 23 өкілі жүзеге асырды, олардың 19-ы ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамына, 2-еуі ШЫҰ-дан миссия құрамына және 2-еуі ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар миссиясының құрамына кірген еді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар