Қоғам • 01 Қазан, 2020

Екібастұз тұрғыны алимент төлемегені үшін пәтерінен айырылды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының жеке сот орындаушысы алимент бойынша қарызы үшін Екібастұз қаласы тұрғынының 4 бөлмелі пәтерін сатты, деп хабарлайды Egemen.kz Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұз тұрғыны алимент төлемегені үшін пәтерінен айырылды

"2016 жылдан бері немқұрайлық танытқан әке баласына жалпы сомасы 2,2 млн теңге мөлшерінде алимент қарыз болып қалған. Борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, баласын асырауға алимент төлеу қажеттілігі туралы ескертілді. Алайда, ол сот шешімін назарға алмай,  туған баласына көмектесуге асықпады. Осыған байланысты Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыным берді", делінген хабарламада.

Кейіннен электрондық аукцион қорытындысы бойынша жоғарыда аталған пәтер 4,6 млн теңгеге сатылған. Жеке сот орындаушысының іс-әрекетінің арқасында бала заңмен белгіленген 2,2 млн теңге мөлшеріндегі қаражатқа ие болып, қалған сома борышкерге қайтарылған.