14 Сәуір, 2010

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ҚАУІПСІЗДІКТІҢ БОЛАШАҒЫ

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда “Қазақстанның Орталық Азия­дағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын аяқтады. Онда бүгінгі таңдағы ең басты мәселе­лерге айналып отырған “Орталық Азия: қауіпсіздіктің аймақтық параметрі”, “Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету” мәселесі контексіндегі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы” және “Орталықазиялық мемле­кет­тер мүддесі мен аймақтық ынтымақ­тастық­тың болашағы” туралы жан-жақты сөз болды. Мемлекет басшысының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты биылғы Жолдауында атап айтылғанындай, “Қазақстанның жоғары халықаралық беделі біздің елімізге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға болуға мүмкіндік берді”. Халықаралық жиынға қатысушы шетелдік және отандық сарапшылар, ғалымдар, мемлекеттік органдар мен елшілік өкілдері Қазақстанның халықаралық және аймақтық қауіпсіздік құрылымындағы бастамаларын талқылап, өз пікірлерін ортаға салды. Жиында сөз алған ғалымдар әлеуметтік саясаттың белсенді әрі біліктілікпен жүргізілуі міндетті түрде ортақ, орнықты келісімге жол ашатындығы сөзсіз деп есептейді. Бақыт БАЛҒАРИНА.