"Аға буын өкілдері мерзімді баспасөз басылымдарының тұрақты оқырмандары екені мәлім. Мереке күніне орай ол кісілерге игілікті іс жасап, қарапайым сыйлық жасауды ұйғардық. Енді қарттар үйінің тұрғындары баспасөз басылымдарын тұрақты түрде алады", - деп атап өтті әскери оқу орнының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.
Келесі жартыжылдықтан бастап Алматы қаласындағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының кітапханасына республикалық және өңірлік баспасөз басылымдары келіп тұратын болады.