Қоғам • 01 Қазан, 2020

"Жанұя" отбасын қолдау орталығына 25 мыңнан астам адам жүгінді

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір жылдан бері елордада әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмекке мұқтаж отбасылар үшін "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жанұя" отбасын қолдау орталығына 25 мыңнан астам адам жүгінді

"Көп балалы, аз қамтылған, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кешенді консультациялық қызметтер ұсынылады. Орталықта жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар отбасы институтын нығайтуға ықпал етуі керек. 2020 жылдың басынан бастап 25 063 адам 46 163 мәселе бойынша Нұр-Сұлтан әкімдігінің "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы көмегіне жүгінген", – деп хабарлады елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.

Орталықта елорда тұрғындарына АӘК-ге өтінім беру, баспана кезегіне тұру және медициналық көмек алу бойынша кеңес беріледі. Тұрғындар мұнда заңгерлік және психологиялық көмек ала алады. "Жанұя" орталығы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетеді. Орталық алаңында "Кәсіпкер ана" орталығы жұмыс істейді. Онда мамандар өз ісін ашуға көмек көрсетіп, кәсіпкерлер мотивациялық бизнес-тренингтер өткізеді.

Сонымен бірге орталық базасында Нұр-Сұлтан әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Ал аудан әкімдерінің, басқарма және басқа ұйымдар басшыларының азаматтарды қабылдауы кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Мекемеде кедергісіз орта жасалған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған лифтілер бар. Арнайы ойын алаңы ашылған, онда орталық қызметкерлері балаларға қарайды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше