"Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айында вакцинация жүргізу үшін құс тұмауына қарсы 3,3 млн-нан астам вакцина бөлінді. Қосымша қыркүйек айында құс тұмауын жұқтыру ошақтарын оқшаулау үшін республикалық резервтен 3,1 млн доза бөлінді. Ал осы аптаның соңында тағы 1,3 млн доза жеткізіледі. Осылайша, өңірлерге вакциналардың 7,7 млн дозасы бөлінді. Вакцинация тегін жүргізіледі", - деді Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті өкілі.
Сондай-ақ, ол бүгінгі күні мәжбүрлі вакцинация аясында ҚР 8 Қазақстанның 8 облысының 60 ауданының 424 ауылдық округінде 1,7 млн құсқа вакцина салынды.
Сонымен қатар, Қабдолданов құс өсірушілер одағымен және жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен келісілген стратегия бойынша республикалық бюджет есебінен тек қана аналық табынға, сондай-ақ құс фабрикаларының айналасындағы 20 шақырымдық аймақтағы жеке ауладағы құстарға және жабайы құстардың ұшу жолына профилактикалық вакцинация жүргізілетінін атап өтті. Осылайша, жыл басында бөлінген препараттардың саны 100% вакцинациялауға жетті.
"Қолданыстағы ветеринарлық заңнама аясында құс фабрикалары өздері вакцинация жүргізеді. Бұл ретте бройлерлік бағыттағы құс фабрикалары бройлерлердің өмір сүру мерзімінің аз болуына (36-40 күн) байланысты вакцинация жүргізбейді. Олар тәуліктік балапандар мен инкубациялық жұмыртқаны құс фабрикаларынан алады, онда аналық мал құс тұмауынан вакцинацияланған. Жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары аналық бас тауықтарды вакцинациялайды", - деп қосты спикер.