Кездесу барысында тараптар мемлекеттердің гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, қазақстандық және грек халықтары арасындағы байланыстарды нығайту перспективаларына назар бөлінді. Бұл ретте осы процесте Қазақстандағы он мыңдық грек диаспорасының және Элладада тұратын 60 мыңға жуық Қазақстан тумаларының екі мемлекеттің қоғамдық, саяси, мәдени және басқа да салалардағы өміріне тікелей қатысатыны ерекше атап өтілді.
Еліміздегі қазақстандық гректердің өмірімен жақынырақ танысу мақсатында Елші А. Волков К. Власиске халықаралық саяхаттарды жасау үшін қолайлы эпидемиологиялық жағдайлар орнатылғаннан кейін жақын арада Қазақстанға сапармен келуге шақыруын жеткізді.
Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанның Елшісі Министрдің орынбасарына қазіргі заманғы Қазақстанның қалыптасу кезеңдерінің тарихы туралы тамаша жөнсілтер болып табылатын ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың грек тіліне аударылған "Тәуелсіздік дәуірі" атты кітабын табыс етті.