Аймақтар • 01 Қазан, 2020

Маңғыстауда сотталған төрт қарт құрметтелді

1076 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖДГМ-172/10 мекемесінде «1 қазан–халықаралық қарттар күні» мерекеленді. Бұл туралы  ҚАЖДГМ-172/10 баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда сотталған төрт қарт құрметтелді

Халықаралық қарттар күні біздің елімізде 1991 жылдан бастап 29 жыл бойы қазан айының бірінші күні аталып өтілетіні белгілі. Бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында жарияланды.

Осы күн аясында арнайы контингент арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан төрт аға буындағы сотталғандарды құрметтеу бойынша мерекелік концерт өтті. Бұл іс-шараның әртістері сотталғандардың өздері болды.

"Көрермендер-сотталғандар үлкен қызығушылықпен қарттарға құрмет пен мейірімділік тақырыбында спектакльді тамашалады, содан кейін қойылымның сюжеттік желісін талқылады, сондай-ақ өлеңдер мен мерекелік әдемі және көңілді құттықтаулар, музыкалық слайд-шоуды көрумен шынжүректен тілектер айтылды. Мереке күлкіге, жылулыққа, қайталанбас атмосфераға толы болды", дейді ГМ-172/10 мекемесінің арнайы контингенттер арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің бастығы әділет майоры Г.Вебер.