Аймақтар • 01 Қазан, 2020

Түркістанда жаңа салынған жолдар қайта жөндеуді қажет етеді

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен «Сапалы жол» жобасы аясында облыс орталығында жаңадан төселген жолдардың сапасына кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді. Ондағы мақсат әрине автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау, мердігер мекеменің жауапкершілігін күшейту.         

Түркістанда жаңа салынған жолдар қайта жөндеуді қажет етеді

Өңір тұрғындарының арыз-шағымы негізінде жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында Түркістан қаласына қарасты О.Дастанов, И.Накипов, Жібек жолы – Шекті тілеу, Майкөтов көшелерінің жол сапасы мен қауіпсіздігі бақыланып, жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы жаңадан төселген асфальт бетон жамылғысынан кесінді сынамалар алған. Бір күндік бақылау жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығында орналасқан Жібек жолы – Шекті тілеу мен  Майкөтов көшелерінің асфальт бетон жамылғысында бірқатар кемшіліктер, атап айтсақ  жолдың тегіссіздігі мен жол бойында орнатылған бордюрлердің бұзылуы, жаяу жүргіншілердің жолдары мен су ағарлардың отыруы, ойық шұңқырлар мен жол төселімінің шашылу деректері  белгілі болды.       

Сондай-ақ  арнайы жұмысшы топ  өкілдері «Үшқайық» ауылдық округінің бойында орналасқан облыстық маңызы бар жолдардың төселу барысын бақылап,  тұрғындардың арыздары негізінде қайта қалпына келтірілген жол төселімінің сметалық құжатқа сәйкес екендігін анықтады.  Жаңа салынған жолдардан бірқатар ақаулар байқаған сала мамандары анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге акт түзіп, компания басшыларына қайта жөндеуден өткізу бойынша ұсыныстарын білдірді.