Білім • 02 Қазан, 2020

Қадірлі орын – мұғалімдікі

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алаш арыстарының бірі, жалынды ақын Мағжан Жұмабайұлы айтқандай, «Алты Алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдікі». Өйткені ұстаз – тұлға қалыптастыратын жан. Ал адамның болмысын, ұстанымын, өмірлік жолын айқындап, беймәлім әлемді танып, қоғамнан өзін тауып, тұғырына қонуда темірқазық іспетті жол көрсетуден асқан қандай ұлы іс болуы мүмкін.

Қадірлі орын – мұғалімдікі

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»

«Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» дейтін қазақ қоғамына биылғы Ұстаздар мерекесі ерекше екені анық. Себебі пандемия жайлағалы бері еліміздегі мектептер қашықтан оқыту форматына көшіп, ата-аналар мен оқушылар, жалпы қоғам болып біраз әбігерге түстік. Сонда ең алдымен мұғалімдердің қадірі артты. Олардың еңбегі қаншалықты өлшеусіз екенін, техника мен технологияның дамыған дәуірінде де ұстаздың рөлін ештеңе алмастыра алмайтынын жете ұғындық. Бұған қоса қоғамда қызу талқыға түсіп қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заң да биыл күшіне енді. Болашақты тәрбиелейтін педагогтің мәртебесі өзге мамандықтарға қарағанда ерекше.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен мұға­лім­дердің жалақысы жыл басында 25 пайызға өсті. Бұл жұмыс алдағы 3 жылда үздіксіз жүзеге асып отырады. Ал болашақ педагогтердің стипендиясы 42 мың теңгеге артты.

Осы ретте мұғалімдерге арналған мақалалар топтамасын ұсынып отырмыз.

 

Мұғалім күніне арналған мақалалардың жалғасы 4-5 беттерден оқисыздар