Саясат • 02 Қазан, 2020

Тәрбиеші-офицерлердің оқу-әдістемелік жиыны өтті

465 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында әскер тектері мен өңірлік қолбас­шылықтар әскерлері қолбасшыларының орынбасарлары, гарнизондар бастықтарының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі оқу-әдістемелік жиыны өтті.

Тәрбиеші-офицерлердің оқу-әдістемелік жиыны өтті

Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбаса­ры – Тәрбие және идео­логия­лық жұмыстар депар­та­ментінің бастығы, бірін­ші дәрежелі капитан Серік Борам­баев Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың ха­лық­қа Жолдауының не­гіз­гі ережелері мен тәр­бие құры­лымдарының міндет­терін түсіндіру бойынша сөз сөйледі.

Жиынға қатысушылар үшін мемлекеттік органдар­дың, қоғамдық және арда­гер­лер ұйымдарының өкіл­­дерімен кездесулер ұйым­дастырылды. Ақпарат және қоғамдық даму министр­лігі басқармасының бастығы Салтанат Әлімқұлованың баяндамасы қазіргі заман­ғы халықаралық қатынастар мен қауіпсіздік проблемаларына арналды. Деструктивті діни идеялардың таралуын болдырмауға бағытталған жұмыстардың нысандары мен әдістері туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Дін мәсе­лелерін зерттеу орталы­ғы­ның теологы Марат Сма­ғұлов әңгімелеп берді.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақ­стан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов тәрбиеші-офи­цер­лерге арнаған сөзінде әске­ри қызметшінің жоғары жа­уы­нгерлік рухының ма­ңыз­дылығы туралы тілге тиек етті. «Жауынгерлік рух борышқа деген адал­дықтан, патриотизм мен тәрбиеден қалыптасуы керек. Бұл өз кезегінде өзіне, өз мүм­кін­діктеріне және әріп­тестеріне деген сенімді нығай­тады», – деп атап өтті генерал-лейтенант Мұрат Бектанов.

Оқу-әдістемелік жиынның жұмысына Мемлекет тарихы институты директорының орын­басары Амангелді Қаш­қымбаев, «Қарулы Күш­тер­дің ардагерлері» РҚБ төр­ағасының орынбасары, отставкадағы генерал-ма­йор Марат Нұғыманов қа­тыс­ты. Сонымен қатар «Ме­­диа professional» ЖШС бас­шы­сы Ғазиза Райымбек офицер­лерді шешендік өнер тәсілдерімен таныстырды.

Тәрбиеші офицерлердің оқу-әдістемелік жиын бары­сын­да алған білімдері елі­міз­дің Қарулы Күш­терін­дегі тәрбие және идеоло­гия­л­ық жұмыстардың сапасын арт­тыруға ықпал ететін болады.

 

Соңғы жаңалықтар