08 Қараша, 2013

Жақсының жақсылығын айт…

1234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, ел экономикасы мен руханиятына қайырлы істерін арнаған азаматтар қазақ жұртында көбеймесе, азайған емес. Бұл орайда «Өскемен титан-магний комбинатының» бұрынғы президенті, Қазақстанның Еңбек Ері, марқұм Бағдат Шаяхметовті елімізде білмейтін адам кемде-кем. Шын мәнінде ол үлкен жүректі, ұлтқа жанашыр азамат еді. Өнер мен мәдениетті, спортты жан-тәнімен қолдайтын. Өскеменде жаңа мешіт бой көтергенде, осы бір үлкен сауапты істі қолдаған да Бағдат Мұхаметұлы болатын. Жақсының өзі өтсе де, жақсы ісі жалғасатыны белгілі.

Облыстың бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлының өтінішін Өскемен титан-магний комбинаты қолдап, Шығыста көп жылдан бері қызмет етіп жүрген жеті имамның қажылыққа баруына қаржы бөлді. Өскемен, Семей қалалары, Күршім, Тарбағатай, Шемонаиха, Зырян аудандарының имамдары осы мәртебеге лайық деп танылды. Имамдардың киелі мекенге алғашқы сапары болғандықтан, ұмытылмас сезім мен сенімді ұялатты. Қажылықтан оралған Шығыстың жеті имамы өздеріне қолдау көрсеткен Өскемен титан-магний комбинатына, Бағдат Шаяхметовтің отбасына ризалығын білдірді.  

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.