Спорт • 02 Қазан, 2020

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің  (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі 20 қарашада өтеді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

Головкиннің қарсыласы – IBF желісі бойынша міндетті үміткер поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО). Көрермендер жекпе-жекті 21 қараша сенбі күні таңертең тамашалай алады.

Шараны ұйымдастырушылардың деректері бойынша DAZN стриминг платформасы жылдың соңғы апталарында Теренс Кроуфорд, Эррол Спенс, Энтони Джошуа, Мигель Берчельт, Оскар Вальдес, Тайсон Фури, сондай-ақ Майк Тайсонның Рой Джонспен болатын айқасы қамтылған тығыз кестені ескере отырып, жұма күндері бокс шоуларын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.