Президент • 02 Қазан, 2020

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесін қабылдады

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президентіне Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында берілген тапсырма бойынша ақын шығармаларының он тілге аударылғаны жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы туралы баяндалды. Рауан Кенжеханұлының айтуынша, бұл жоба жыл аяғына дейін аяқталады. Жалпы 100-ден астам оқулық аударылған.

Кездесу барысында балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесіне,  білім берудің онлайн-платформасын дамытуға, сондай-ақ, аударма және терминология салаларына қатысты мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы аталған мәселелердің маңызды екенін атап өтіп, мүдделі мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, оларды пысықтауды тапсырды.