Елорда • 03 Қазан, 2020

Елордада Ұстаздар күніне орай арнайы аллея отырғызылды

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұстаздар күні мерекесіне орай мұғалімдерімізге арнап арнайы аллея отырғызылды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада Ұстаздар күніне орай арнайы аллея отырғызылды

"Ауа-райы құбылмалы елордада жасыл белдеу мен экологиялық аймақтар экологияны жақсартып қана қоймай, климаттық жағдайды жұмсартуға мүмкіндік береді. Көктемде және күзде қаланың барлық аудандарында ағаш отырғызумен айналысамыз. Саябақтарға, қоғамдық кеңістіктерге және аулаішілік аумақтарға ерекше назар аударамыз. Бүгін халық арасында Пирамида деп аталатын Бейбітшілік және келісім сарайының бойындағы Тұңғыш Президент саябағында ағаштар отырғызылды. Шараға еріктілер, қоғам қайраткерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Тек осы демалыс күндері мыңға жуық ағаш отырғызамыз", дейді Алтай Көлгінов.

Қуантарлығы, биыл отырғызылған ағаштардың жалпы саны 30 мыңнан асады. Осылайша, қалада біртіндеп жасыл аралдар мен экологиялық аймақтар саны көбейеді.

5

"Карантин кезінде 15 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша бірқатар мәдениет, спорт және білім беру нысанын жөндеуге кірістік. Қазір Бейбітшілік және келісім сарайына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ғимарат бойымен отырғызылған ағаштар қазірдің өзінде бұл жерге жайлылық беріп тұр. Бірнеше жылдан кейін осы аймақта құрылған экологиялық аймақтар бірнеше есе көп болады", дейді елорда әкімі.

Сөз соңында әкім Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елді ауқымды көгалдандырудың маңыздылығын атап өткенін, осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын да қоса кетті.