Аймақтар • 03 Қазан, 2020

Павлодарда көмір бағасы төмендеді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өткен жылы Баянауылдың Майкөбе кенішінен көлікке тиелген бір тонна көмір 7500 теңгеден, ал теміржол тасымалы үшін 6250 теңгеден сатылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда көмір бағасы төмендеді

Ал биыл көлікке тиелген 1 тонна көмір 6700 теңгені, ал теміржол тасымалы үшін 5760 теңгені құрап отыр.

"Қазір қалалар мен аудандардың әкімдіктері көмір тасымалдаушылармен тиісті жұмыс жүргізуді", дейді басқарма мәліметінде.

Жергілікті тұрғындар үшін Майкөбе көмірінің құны 2500 теңгеге дейін төмендеді. Облыстың қалалары мен аудандарындағы дайындау-бөлу пункттерінде 17 мың тоннаға жуық көмір бар, еркін сатылуда.

Жалпы жыл сайынғы облысы тұрғындарының көмірге деген қажеттілігі 428 мың тоннаны құрайды. Облысқа көмір жеткізу 300-ге жуық шағын бизнес нысандарының тікелей көмір кеніштерінен арнайы байланыс арқылы жүргізілуде.

Ал Павлодар, Ақсу қалалары мен Павлодар, Шарбақты аудандарында көмір жеткізу 8 тұйықтан тұратын теміржол арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінде тұрғындар 206 мың тоннадан астам көмір тасып алды.

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов биылғы қысқа дайындық барысына орай, ауылдарда, қаладағы жеке үйлерде тұратын пеш жылытылатын үйлерде тұратын тұрғындарға көмір бағасының қолжетімді болуын, жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын жер қара, күн жылыда аяқтауды тапсырды.

Бұдан өзге, әкім бұл мәселе мемлекеттік органдар үшін жауапты кезең екенін және жылу беру маусымының сапалы өтуі олардың үйлесімді жұмысына байланысты болатынын атап өтті.