Оңтүстік Қазақстан • 03 Қазан, 2020

Шымкентте көпқабатты үйлердің лифтілері жаңартылуда

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте көпқабатты үйлердің лифтілері жаңартылуда, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте көпқабатты үйлердің лифтілері жаңартылуда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлерге лифтлерді жеткізумен айналысатын "Шымкентлифтмонтаж" компаниясының жұмысымен танысты. 

Қазір Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлерде 358 лифт бар. Соның 333-і жұмыс істеп тұр. Қалған 25-ін ауыстыру қажет.

 

Биыл қалада көпқабатты 6 үйдегі 12 лифт жаңартылып жатыр. Соның 10-ын осы "Шымкентлифтмонтаж" ЖШС ауыстыруда. Қалған екеуін "DOSTAR лифт" ЖШС жаңартады.

Қала әкімі компания басшыларына жұмысты барынша сапалы орындау керектігін ескертті. Өйткені, бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін мәселенің бірі.

Айта кетейік, 2021 жылы көпқабатты 13 үйдегі 25 лифт жаңартылады деп жоспарланып отыр.