09 Қараша, 2013

Шетелдік дипломаттармен әңгіме

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының елшісі Мауро Рейнамен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының елшісі Мауро Рейнамен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында 12-14 қараша аралығында Швейцария Конфедерациясы Кантондар Кеңесінің (Парламенттің жоғарғы палатасы) Президенті Филиппо Ломбардидің Қазақстанға ресми сапары аясындағы екі елдің парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Одан басқа, Астанадағы ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне әзірлік, 2014 жылы Швейцарияның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне үміткерлігін ілгерілету секілді ынтымақтастықтың маңызды аспектілері атап өтілді.

Сол күні Қ.Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді де қабылдады. Жүздесушілер Қазақстан-Америка қатынас­тары­ның өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.