Футбол • 05 Қазан, 2020

Алғашқы голын соқты

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Ресей чемпионатында өнер көрсететін жерлесіміз Бақтиер Зай­нутдинов ЦСКА сапындағы алғаш­қы голын соғып, қазақстандық және ре­сейлік жанкүйерлерін қуантты.

Алғашқы голын соқты

Ресей чемпионатының 10-тур аясында Екатеринбургтің «Урал» командасымен өткен ойында Зайнутдинов бірінші минуттан бастап алаңға шығып, екінші таймның 52-минутында өзінің ЦСКА құрамындағы алғашқы голын соқты. Бұл уақытта «армияшылар» бір футболшы кем болып ойнап жатқан-ды. Араға 4 минут салып ЦСКА-ның тағы бір футболшысы Константин Марадишвили «Урал» қақпасын дәл көздеп, командасына 2:0 есебімен жеңіс сыйлады.

Осылайша, 22 жастағы Зайнутдинов «армияшылар» жейдесіндегі алтыншы матчын өткізіп, бірінші мәрте толық 90 минут ойнап шықты және алғашқы голын соқты. 25 тамызда Мәскеудің ЦСКА клубына ауысқан Бақтиер Зайнутдинов – ЦСКА құрамында ойнап жатқан үшінші футболшы. Бұған дейін Мәскеу командасында Асхат Қадырқұлов және Максим Низовцев секілді жерлестеріміз доп тепкен. Өкінішке қарай екі футболшымыз да гол соғып, мергендігімен көзге түсе алмаған.