Спорт • 05 Қазан, 2020

Футзалдан Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Нұр-Сұлтанда футзалдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың жербесі тартылып, қай командалардың өзара күш сынасатыны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзалдан Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

Айтулы додада сегіз клуб өнер көрсетуде. "А" тобында "Жетісу", "Байтерек", "Аят" және "Оқжетпес" ойнаса, "В" тобында "Қайрат", "Каспий", "Атырау" және "Ақтөбе" шеберлік байқасуда. Осы сынақтан сүрінбей өткен ұжымдар плей-оффқа жолдама алып, сол бәсекелер барысында ел кубогының иегерлері анықталады. Барлық матчтар Нұр-Сұлтанда көрерменсіз өтеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан кубогы жолындағы жарыс 1997 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Алғашқы екі турнирде Ақтаудың "Мұнайшысы" топ жарды. Ал осы додада ең көп олжаға кенелген команда – "Қайрат". Алматылықтар 14 рет жеңімпаз атанды. Былтыр өткен бәсекеде де айтулы бас жүлдені иеленді.