Экономика • 05 Қазан, 2020

Қазақстан Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы зерттеуіндегі көрсеткіштерін жақсартты

105 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік банк Worldwide Government Indicators (WGI) жыл сайынғы есебінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы зерттеуіндегі көрсеткіштерін жақсартты

WGI - Дүниежүзілік банк тобының мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігі саласындағы әлем елдерінің жетістіктерін бағалайтын кешенді зерттеуі.

Зерттеу әдістемесінде мемлекеттік басқару сапасының барлық негізгі параметрлерін кешенді түрде көрсететін алты негізгі индикатор қолданылады.

Жаңартылған есепте Қазақстан 6 көрсеткіштен 5-уі бойынша жетістіктерге қол жеткізді:

  1. Үкімет жұмысының тиімділігі;
  2. реттеушілік климат сапасы;
  3. саяси тұрақтылық;
  4. заңның үстемдігі;
  5. жемқорлықпен күрес.

Дүниежүзілік банк Үкіметтің билік институттарын күшейту, олардың тиімділігін, ашықтығын және болжамдылығын арттыру жөніндегі жүйелі жұмысын жоғары бағалады.

Зерттеуге сәйкес, Үкімет жұмысының тиімділігі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы саласындағы көрсеткіштер мен саяси және экономикалық бағыттағы тұрақтылықты, сондай-ақ халықтың негізгі мемлекеттік қызметтерді (көлік, инфрақұрылым) көрсетуге қанағаттану деңгейін арттыру есебінен жақсарды.

Реттеушілік климаттың сапасы бойынша Қазақстан бірнеше жылдан бері қалған бес көрсеткішпен салыстырғанда, ең үздік нәтижелерді көрсетіп келеді. 2019 жылы Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін бизнес жүргізу тәуекелдерін төмендету бойынша тиімді шараларды қабылдауы есебінен өз позициясын жақсартты.

Сонымен қатар банк биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі және сыртқы кикілжіңдердің болмауы есебінен еліміздегі саяси тұрақтылық көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өтті.

Заңның үстемдігі көрсеткіші бойынша дауларды баламалы реттеу жүйесін дамыту, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтық және қылмыстық заңнамаларды жақсарту есебінен ілгерілеу байқалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес индикаторы халықтың сыбайлас жемқорлықты қабылдау субиндикаторлары бойынша жақсарулардың байқалуы және бизнес жүргізу үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуі есебінен артты.

WGI есебін озық халықаралық қаржы ұйымдары, даму институттары және рейтинг агенттіктері ұлттық экономикалардың болжамдары мен несиелік бағалауларын қалыптастыру үшін кеңінен қолданады.

Зерттеу нәтижелері бойынша Fitch рейтинг агенттігі де ұлттық экономиканың кредиттік бағасын «BBB» деңгейінде нығайта отырып, Үкімет жұмысының тиімділігіндегі оң динамиканы атап өтті.

Биыл тамыз айында пандемиядан туындаған әлемдік экономикалардың кредиттік бағалауларын ауқымды қайта қарастыру аясында Fitch Қазақстан экономикасының "BBB" деңгейіндегі пандемияға дейінгі бағалауын растады, болжам - "тұрақты".

Кредиттік агенттік ұлттық экономиканың кредиттік рейтингін ұстап тұруға мүмкіндік берген факторлар мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, мемлекеттік институттардың күшеюі, елеулі фискалдық резервтер, оның ішінде шетел валютасындағы резервтер болғанын атап өтті.

Бұдан басқа, Fitch сыртқы нарықтардың құбылмалылығына қарамастан, өндіру және өңдеу секторларындағы экономиканың өсу әлеуетін, сондай-ақ Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларды қалыптастырудағы икемділігі мен жеделдігін жоғары бағалады.