Аймақтар • 05 Қазан, 2020

Жоғалған 17 жылқы иесіне табысталды

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық полицейлер жоғалған 17 жылқыны иесіне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жоғалған 17 жылқы иесіне табысталды

23 қыркүйекте Шиелі ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Жаназар батыр ауылының “Ащы құдық” деген жайылымында жүрген 17 бас жылқысының жоғалып кеткені туралы шағымы түскен.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері  жылқыларды Тартоғай ауылы маңында жайылып жүрген жерінен тауып,  иесіне табыстады. Мал иесі қызылордалық полицейлерге алғысын білдірді.