Әлем • 05 Қазан, 2020

Парижде карантин шаралары күшейтілді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж билігі 6 қазаннан бастап коронавирустың таралуына қарсы шараларды күшейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парижде карантин шаралары күшейтілді

Жаңа шаралар Парижге және оның солтүстігінде, солтүстік-шығысында және батысында орналасқан  Сена-Сен-Денис, Валь-де-Марн және О-де-Сен, яғни 7,5 миллионнан астам тұрғыны бар аймақтарға қатысты. "Сейсенбіден бастап барлық барлар жабылады. Мейрамханалар жаңа санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып жұмысын жалғастырады", - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Парижде 1 мыңнан астам адамның қатысуымен іс-шаралар өткізуге тыйым салу жұмысы жалғасады. Бұл ретте жаңа ереже енгізіледі, оған сәйкес көшелер мен алаңдарда 10-нан астам адамның жиналуына болмайды. Спорт клубтары мен фитнес залдары жабылады, бассейндер тек мектеп оқушылары үшін жұмыс істейді. Стадиондар мен ойын алаңдары ашық ауада жұмысын жалғастырады, бұл ретте ашық аспан астындағы стадиондар үшін 1 мың көрерменге арналған шектеуден басқа, 50% - дан астам орынға орналастыруға тыйым салынады.

Қалаларда кешкі сағат 22.00-ден бастап алкоголь сатуға, сондай-ақ музыканың дауысын қатты шығаруға тыйым салынады. Қоғамдық орындарда студенттік кештер мен отбасылық мерекелер тоқтатылады, үйлену тойларын өткізуге рұқсат берілмейді. Сондай-ақ ойын үйлерінің жұмысы, жәрмеңкелер, көрме және сауда салондарының жұмысы уақытша тоқтатылады.