Қоғам • 05 Қазан, 2020

Елордалық еріктілер қарттарға көмек көрсетіп, азық-түлік себеттерін таратты

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық волонтерлер штабы Алматы ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, аудандағы 50 қартқа әлеуметтік көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық еріктілер қарттарға көмек көрсетіп, азық-түлік себеттерін таратты

«Қалалық штаб еріктілері егде жастағы жандарға тұрақты көмек көрсетіп келеді.

Қыркүйек-қазан айларында да көмекке мұқтаж жандардың ауласын, үй-ішін тазалап, 30-ға жуығына арнайы азық-түлік себетін жеткіздік. Біз ардагерлерге қандай көмек қажет екені туралы ақпаратты аудандық Ардегерлер кеңесінен біліп отырамыз. Олар бізге нақты тізім береді. Қарттар күнінің аясында Алматы ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, аудандағы 50 қартқа әлеуметтік көмек көрсеттік», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір.

Елордалық еріктілер штабы «Волонтерлер жылы» аясында жалғызбасты қарттарға, ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбегі ардагерлеріне, мүгедек зейнеткерлерге тұрақты көмек көрсетіп келеді.

«Жыл басынан бері жүзден астам қарттың ауласын қоқыстан тазартып, үй-шаруасына көмектесу, азық-түліктерін әкеліп беру секілді жұмыстарды атқарып келеміз. Жеңістің 75-жылдығына арнап, ардагерлердің ауласында Мемлекеттік академиялық филармониясымен бірге, автобуспен шағын концерттік бағдарлама да ұсындық. Сәйкесінше, тұрмысқа қажетті әлеуметтік себеттер де таратылды. Қорғаныс министрлігімен бірігіп, тыл еңбегі ардагерлеріне медальдарын табыс етумен де айналыстық. Себебі карантин кезінде қарттардың сыртқа шығуы қауіпті еді. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер мен вирустан қорғану құралдарын да тараттық», - дейді Ақұлан Тастемір.

Бүгінге дейін аз қамытылған 150-ден астам қартқа азық-түлік себеттері табысталған.

Айта кетейік, көмек қажет ететін егде жастағы азаматтаи 109 IКomek орталығына өтініш бере алады.

Соңғы жаңалықтар