Қазіргі таңда медициналық ғылымның қарыштап дамуы сырқатты емдеу мен оңалту аясында ғана емес, сондай-ақ, оларды диагностикалау мен жаңа тәсілдердің пайда болуына мүмкіндік туғызуда. Бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі шешім қабылдаудағы жаңа серпін мен өзге де ережелердің бар екендігінің көрінісі.
Қазіргі таңда медициналық ғылымның қарыштап дамуы сырқатты емдеу мен оңалту аясында ғана емес, сондай-ақ, оларды диагностикалау мен жаңа тәсілдердің пайда болуына мүмкіндік туғызуда. Бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі шешім қабылдаудағы жаңа серпін мен өзге де ережелердің бар екендігінің көрінісі.
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін көтеру және соңғы практикалық мақсат – тұрғындардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу мақсатында пайдаланылатын медициналық технологияларды бағалау (бұдан әрі – МТБ) сияқты құралдарды денсаулық сақтаудағы шешім қабылдау үдерісіне енгізу Қазақстан Республикасы бойынша жаңа медициналық технологиялардың таралуына қарқынды түрде үлес қосуда.
Халықаралық практикада МТБ есептерін қалыптастырып, оларды кеңінен қолдану күнделікті клиникалық тәжірибеге жаңа медициналық технологияларды таратуда уақытылы шешім қабылдауға септігін тигізетінін көрсетіп отыр.
Адам әлеуетінің деңгейлерін арттырудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгеніндей, еліміздің барлық аумағында медициналық қызметтердің бірыңғай стандарттарын енгізу, медициналық көмекке қолжетімділікті және оның сапасын арттыру болып табылады.
Қазіргі таңда елімізде медициналық қызметтердің сапасын арттыру аясында «Саламатты Қазақстан-2015» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Халықаралық Банктің бірлескен бастамасымен стратегиялық серіктестік шеңберінде елімізде «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасын іске асыру жүргізілуде.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының базасында құрылған Денсаулық сақтау қызметтерін дамыту және медициналық көмекті стандарттау орталығында МТБ бойынша сарапшылардың базасын қалыптастыру және МТБ жүргізу үшін оларды тарту мақсатында еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының 150 маманы оқытудан өтті. Сонымен бірге, МТБ мәселелері бойынша халықаралық тәжірибелі мамандарды тарту арқылы тақырыптық тренингтерде оқыту жолымен 2015 жылға дейін МТБ жөнінде сарапшылардың әлеуетін жетілдіру жоспарлануда. Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырушыларды МТБ нәтижелеріне негізделген шешім қабылдаудың түрлі деңгейлеріне оқыту ойластырылуда. Қазақстанда МТБ-ны жүргізу халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды.
Медициналық технологияларды бағалауды жүргізуге бастамашы ретінде шешім қабылдайтын тұлғалар да, сондай-ақ, технологияны пайдалануға мүдделі – дәрігерлер, пациенттер, өндірушілер де қатыса алады. Оның өңірлік орталығы (шетелде бұл толық МТБ агенттігі) мамандар-әдіскерлерден, ақпаратты жүйелі іздеу бойынша мамандардан (IT-кітапханашылар) фармакологтардан, экономистерден, клиникалық консультант-дәрігерлерден, этикалық комитет мамандарынан және бағалауға қажетті өзге де мамандардан тұрады.
МТБ есептері шеңберінде Қазақстанда жүргізілген талдаулардың нәтижесі балалар кереңдігі сырқаты кезінде унилатералды кохлеарлық имплантацияны пайдаланудың клиникалық тиімділігі және экономикалық пайдасына клиникалық сенімділіктің дәлелі болып табылады. Сондай-ақ, жүрекке қан апаратын қан тамырларының дәрі-дәрмексіз стенті жүректің ишемиялық сырқаты бар науқастарды емдеуде дәрі-дәрмектік жабынды стентері сияқты тиімді екені дәлелденді.
МТБ негізінде шешім шығару үдерісі Денсаулық сақтау министрлігінің белгілі бір медициналық технология бойынша шешім қабылдауын, оларды қаржыландыруды және практикада одан әрі іске асыруда назарын нақты заманауи және ашық тәсілдерге жұмылдыруды қамтамасыз етеді.
МТБ үдерісін пайдалану республикамыздың денсаулық сақтау жүйесіне тиімді әсер ететін, ал бұл өз кезегінде тұрғындардың денсаулығына оң септігін тигізетін шешім болып табылатындығы сөзсіз.
Темірхан ҚҰЛХАН,
«Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық
орталығы» РМК медициналық технологияларды
бағалау бөлімінің басшысы.
АСТАНА.