Руханият • 06 Қазан, 2020

Қариясын қадірлеген

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үлкенді құрметтеп, кішілік ізетін танытуды жазылмаған заңы санайтын халқымыз ізгі дәстүрінен қандай жағдайда да жаңылмай келеді. Оған 1 қазан – «Халықаралық қарттар күні» мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ГМ-172/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан қарт сотталғандардың назардан тыс қалмай, мереке күні өз басшылығы мен әріптестерінің құрметіне бөленуі дәлел.

Қариясын қадірлеген

Атаулы мерекені жазасын өтеушілер үлкен дайындықпен, көтеріңкі көңіл күймен атап өтті. Мекеме әкімшілігінің ұйым­дастыруымен клубта мерекелік кон­церт ұйымдастырылып, қарт сот­талушылардың құр­метіне арналып өлеңдер мен мерекелік әндер, көңілді құ­тт­ық­­таулар, му­зыкалық слайд-шоу­лар, сахналық қойылымдар көр­сетілді.

Мерекелік іс-шараны мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жө­ніндегі орынбасары, әділет майоры Азат Шабиков ресми түрде ашып, егде жастағы сот­тал­ғандарды айтулы мерекемен құт­тықтап, олардың отба­сына аман-есен оралуына тілек­тестік білдірді.

– Халықаралық қарттар күні қарсаңында мекемеде жалпы саны 15 аға буын сотталғандарға ерекше құрмет көрсетіліп, мекеме бастығының бұйрығымен марапатталды. Қарттарға қашанда, қай жерде жүрсе де құрмет көрсетуге тиістіміз, басына іс түскен адамдардың отбасынан тыс, арнайы мекемеде жазасын өтеуші екендігі оларға деген ықыласты, құрметті жоққа шығара алмайды, дейді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Азат Шабиков.

Мерекелік шараға қарттар да, ұйымдастырушылар да риза. Жазасын өтеушілер тек қарттар күнінде емес, өзге де маңызды ме­рекелерді тағылымды, маз­мұн­ды шаралармен атап өтуді жөн санайды.

 

Маңғыстау облысы