Футбол • 06 Қазан, 2020

«Динамоның» тарихи жеңісі

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл 45 жыл бұрын, яғни 1975 жылдың 6 қазанында Киевтің «Ди­намосы» УЕФА Суперкубогын жеңіп алып, барша Кеңес Одағының жан­күйер­лерін қуаныш пен шаттыққа бө­леген еді.

«Динамоның» тарихи жеңісі

Дәл сол маусымда украиналық футболшылар Кубок иегерлері кубогын иеленсе, Мюнхеннің «Бавариясы» Еуропа чемпиондары кубогын олжалады. Содан қарт құрлықтың екі үздігі өзара күш сынасып, УЕФА Суперкубогын еншілеуге кім лайық екенін анықтады. Алғашқы матч 9 қыркүйекте Германияда өтті. Осы бәсекеде Олег Блохиннің соққан жалғыз голының арқасында қонақтар жеңіске жетті. Қарымта кездесу Киевте ұйымдастырылды. Ойынды тамашалау үшін стадионға 102 мың адам келді. Бұл ойында да Валерий Лобановский баптаған команда жеңіске жетті. Есеп – 2:0. Голдардың авторы – Блохин. Ол 40 және 53-минуттарда нысананы дәл көздеді. Осылайша Киевтің «Динамосы» 1975 жылы Еуропадағы ең белді клубтық атақты олжалады.

Ал талай маңызды матчтарда гол соғып, жасыл алаңда керемет ойын өргенімен көзге түскен 33 жастағы Олег Блохин сол жылы қарт құр­лықтың ең үздік ойыншысына тиесілі «Алтын допты» иеленді.