Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Өңірдің өңін кіргізген...

244 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аймақтағы елді мекендердің кем-кетігін түзеп, ажарын кіргізіп, туған жердің түтінін түзу ұшыруға орасан зор септігі тиіп жатқан шара екендігін ауыз толтырып айта кетелікші. Талай жылдан бері оқталғанымен, сәті түспеген сан шаруа бір демде шешіліп қалды.

Өңірдің өңін кіргізген...

Биыл жоғарыда аталған бағ­дарлама шеңберінде облыс орталығының іргесіндегі Крас­­нояр ауылының жолын жөн­деу үшін республикалық жә­не облыстық бюджеттен 827 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Шын­дығын айтқанда, өңің түгіл түсіңе енбестей кө­мек. Қа­зір ауыл тұрғындары ажа­ры шым­шымдап еніп келе жат­қан елді мекеннің еңсесі биік­тей бас­т­а­ғанына қуанулы. Бө­лінг­ен қар­жы бұған дейін мың шұң­қыр болып, көлікпен жүрген адам­ның белін үзердей болған 24 кө­шеге асфальт жамылғы жабуға бағытталған. Ауқымы кең шаруа­ны «КөкшеАгроинвест» ЖШС атқаруда. Сәуір-маусым айларында дайындық жұмыстары жүргізілді. Қиыршық тас төселіп, су құбыры тартылды. Шілде айында 7,6 шақырымды құрайтын жеті көшеге жол салынды. Ауыл мен оның іргесіндегі Нұрлы көш елді мекені аумағындағы жолға қиыршық тас төселді. Оның жалпы аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды. 2,3 шақырым асфальт жолдың тұ­ғыры дайындалды. Ауылдық округ әкімінің орынбасары Се­рік­жан Мақыштың айтуына қарағанда, жұмыс кестесінен сәл-пәл ауытқуға асфальт пен битумның жетіспеушілігі себеп болған. Қазіргі күні серіктестік Щучье асфальт-бетон зауытымен келісімшарт жасасып отыр.

1

Соңғы жылдары түйткілді мәселеге айналып келген ор­та­лықтандырылған жылу­мен қамту жайы да оңы­нан ше­ші­летін түрі бар. Симфе­ро­поль, Бейбітшілік, Шәкеев, Сей­­фуллин көшелеріне жаңа жылу құбырлары тартылу­да. Бұл жұмысты «Сапа құрылыс-2007» ЖШС атқаруда. Қазіргі күні 3 эксковатор, 6 автокөлік, басқа да арнайы техника пайдаланылуда. Мамандардан бөлек жергілікті жерден 24 адам жұмысқа тар­тылған. Бұрын жылу құбыры жер үстімен жүргізілсе, қазір жы­лу шығыны көп болмауы үшін жер астымен тартылуда. Оның үстіне құбырдың кеңдігі ұлғайтылған. Мәселен, бұрын 300 милиметрлік құбыр пайда­ланылса, қазір бұл көлем 426 миллиметрге жеткізілген. Жа­ңа жылу құбыры ауылдағы ор­талықтандырылған жылу жү­йе­сінің ауқымын кеңейте түседі. Жаңа жылу құбырының бойын­да ақау бола қалса, жылдам анық­тайтын арнайы желі де тартылуда. Ал құбырлар ұзақ уақытқа төтеп беретіндей са­палы әрі бе­рік. Мамандардың ай­туына қа­ра­ғанда, пайдалану кезінде бар­лық ережелерді бұл­жытпай сақтайтұғын болса, отыз жылға жетеді екен.

– Облыс орталығының ір­ге­сінде тұрғанымызбен, дәл мұн­дай жақсылықты көрген жоқ едік, – дейді Краснояр ауы­лы­ның тұрғыны Думан Ғаби­дуллин, – биыл біздің ауылда оң өзгерістер болып жа­­тыр. Жел электр стансасы пай­­далануға бе­рілді, жолымыз жөнделіп, жылу құбыры тар­тылуда. Орталықтың өңіне қара­саң, көңілің өсіп қала­ды. Осының барлығы мемле­ке­тіміз­дің қамқорлығы деп ұғуы­мыз ке­рек. Қазір біздің ауылдың тұр­ғындары өңі кірген өлкенің сәні мен сал­танатына тәнті болып жүр.

1991 жылы пайдалануға бе­рілгеннен бері күрделі жөн­деу жүргізіліп көрмеген «Көк­ше» мәдениет үйі де адам та­ны­ғысыз. «Ауыл – ел бесігі» бағ­дарламасы шеңберінде 206 млн теңге қаражат бөлініп, өнер мен мәдениет ошағы құ­ры­­лыс­шының қалағынан жа­ңа шыққандай жұтынып тұр. Ғимараттың сыртқы кел­беті әрленіп, жылу жүйесі жаңар­тылған. Едені мен есік-терезесі алмастырылған. Қазіргі күні кіре берістің келбеті өзгеше өңмен безендіріліп, аяқталу үстінде. Мәдениет үйінің маңайы тегіс абаттандырылып, көркейтілген. Сөз арасында бұл мекемеде өнер мен мәдениеттің өрісі кең қанат жайып отырғанын айта кетуге де болады. Мәдениет үйінің директоры Алпыстай Еламановтың айтуына қарағанда, отыздан астам клуб бірлестігі жұмыс іс­тейді. Оған ауылдың 585 адамы белсенді қатысады. Балалар жат­тығатын бокс, шығыс жекпе-жегі, тоғызқұмалақ үйірмелері де осы жерде. Шығармашылық ұжым­дар сан мәрте халық­ара­­­­лық, республикалық, об­лы­стық байқаулардың жеңім­пазы атанған. Мәселен, биыл­дың өзінде Қарағанды қала­сын­да өткен халықаралық би ба­й­­қа­уында «Ритм» хореография ұжымы бірінші орын­ды ен­шілепті. Демек, қам­қорлықтың қай­тарымы бар деген сөз.

Жаман тұмау жан алқым­нан алып тұрған кезде де ауылдас­тарының көкірегіне рухани бай­лықтың арайын төгуді бір үз­бе­ген екен. Тоғыз айдың ішін­де 432 мәдени көпшілік шара онлайн форматында жүзеге асы­­рылған. Қалған шаруа­ны мұ­­қият қамтып, қазанның 30-ы күні жаңаша жақсы кейіпке енген мә­дениет үйі есігін айқара ашпақ.

Балаларға да бар жақсылық жасалуда. Бұрын ауылда балалар алаңы екеу-ақ болса, жаңа­дан 8-і салынып отыр. Енді көпқабатты үйлерде тұратын бала­лардың барар жері бар. Бала біткен қы­зығып ойнайтын құрылғылар көздің жауын алады. Балалар ға­на емес, ересектердің де осы алаңдарда спортпен шұғыл­да­нуына мол мүмкіндік туып отыр. Алаңдарды тұрғызуға облыс­тық бюджеттен 68,6 млн теңге қаражат бөлінген. «Тау­тас стройсервис» ЖШС бар жұ­­­мысты тиянақты атқарған. Алаң­дардың маңайы мұқият та­заланып, көгалдандырылған. Ір­гесіне ағаш отырғызылыпты. Мұн­­дай жақсылықтың шарапаты «Нұрлы көш» елді мекенін де қамтыған. Тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы меке­месі тарапынан жаңа заманғы жоғары талапқа әбден лайықты үш шағын футбол алаңы пай­далануға беріліп отыр.

Осылайша ел еңсесін көте­руге айрықша септігі тиген бағ­дарлама аясында қыруар жұмыс тындырылып, ауылдың ажары адам сүйсінерлік кейіпке енген. Туған жердің келбеті ХХІ ға­сырға беттеп бара жатқан мәң­гі­лік елдің ұлы мұраттарына сай болса, жас ұрпақ та көкіре­гіне ізгі сезімдерді сіңірмек. Ауыл­дың ажары кірген сайын адам­­дарының да жан-дүниесін сәу­лелі сезімдер баурайтыны бар емес пе?! 

 

КӨКШЕТАУ