Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Фармацевтика өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі А. Цой, «Химфарм» АҚ директоры А. Исенова, «Dolce-pharm» ЖШС коммерциялық директоры Б. Демеуова, Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Г. Манақпаева баяндама жасады.
2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ҚР фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 34,1%-ға 81,5 млрд теңгеге дейін, инвестициялар 5,2%-ға 4,1 млрд теңгеге дейін өсті.
Белгілі компаниялардың, соның ішінде ТҰК қатысуымен 41 жоба іске асырылды, олардың ішіндегі ең ірілері — антибиотиктер, алколоидтар, антисептиктер («Химфарм» АҚ, «Нобел АФФ» АҚ, «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС), сондай-ақ жеке қорғаныш құралдары мен хирургиялық мақта («Kelun Kazpharma» ЖШС, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС, «Dolce» ЖШС) өндірісі бойынша жобалар. 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алудағы отандық өндірушілердің үлесі 30%-ға дейін артты және тұрақты түрде өсіп жатыр (5 мыңнан астам атау бойынша 88 шарт жасалды). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша елдің дәрілік қауіпсіздігі меншікті фармацевтика өндірісі болған жағдайда кемінде 30% қамтамасыз етіледі, ал Қазақстан 2025 жылға қарай өз өндірісін заттай мәнде 50%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. Осылайша, Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес 77,8 млрд теңгеге 30-дан астам жаңа ірі фармацевтикалық өндіріс іске қосылады, бұл дәрі-дәрмек өндірісінің көлемін 2,5 есеге (92-ден 230 млрд теңгеге дейін), экспортты 3 есеге (25-тен 75 млрд теңгеге дейін) ұлғайтуға, 2 мыңнан астам жоғары білікті мамандарды даярлауға және оларға арнап тұрақты жұмыс орындарын құруға жол ашады.
Үкімет басшысы отандық фармацевтика өндірісі үшін, әсіресе, клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтарды ынталандыру тұрғысынан мемлекеттік қолдау шараларын ауқымды түрде кеңейтуді тапсырды. Индустрия, денсаулық сақтау және сыртқы істер министрліктеріне дәрілер өндірісін елімізде жергіліктендіруге Big Pharma – Top 50 тізімінен әлемдік фармацевтика өндірушілерді таргеттеу бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Денсаулық сақтау министрлігіне ұзақ мерзімді келісімшарттарды іске асыру тетіктерін кеңейту, елдегі дәрілік заттардың қажеттілігін нақты жоспарлау мен айқындауды қамтамасыз ету, медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектерге сынақтар жүргізетін зертханалардың материалдық-техникалық базасын күшейту, Кешенді жоспарды іске асыруды ескере отырып, фармацевтика саласы үшін білікті кадрлар даярлау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жергілікті жерлерде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде жергілікті қамту бойынша нысаналы индикаторларды (KPI) бекіту тапсырылды.
«Фармацевтика өнеркәсібі – экономиканың өте маңызды секторы және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің негізі», — деді А. Мамин.
Жыл басынан бері Алматыда 278 адам індеттен көз жұмды
Коронавирус • Бүгін, 20:40
Елордада иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеу жүргізіліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 20:22
Асқар Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 19:55
Петропавлда түн жамылған тонаушылар ізі суымай ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Нұр-Сұлтан көшелерінен бір мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Елорда • Бүгін, 19:16
«Ashyq» қосымшасы барлық өңір бойынша қашан іске қосылады?
Қоғам • Бүгін, 19:00
Шымкенттік жолшылар жеміс ағаштарын отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 18:53
СҚО-да Ленин көшесі Абай көшесі болып өзгертілді
Аймақтар • Бүгін, 18:29
Таразда үш жасөспірімге оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 18:28
Қостанайлық ер адамнан 105 грамм есірткі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 18:15
Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 18:07
Елордада 60 мыңға жуық адам екпе алды
Елорда • Бүгін, 17:49
Қостанайда алты айлық бала терезеден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 17:30
Тараздық дәрігерлер кілт жұтып қойған баланы құтқарды
Медицина • Бүгін, 17:30
Биыл жасанды жолмен 7 млн бекіре шабағын шығару жоспарлауда
Экология • Бүгін, 17:28
Атырау облысында шекара қоршаулары алынды
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Шымкент: Жылжымалы егу пунктерінде ковидке қарсы вакцина салынуда
Коронавирус • Бүгін, 17:05
Екі аяғы жоқ қазақстандық бойжеткен Эверстті бағындырды
• Бүгін, 17:01
Балық аулаймын деп айыппұл арқалап жүрмеңіз
Аймақтар • Бүгін, 16:49
Әлем • Бүгін, 16:32
Жозе Моуринью «Тоттенхэмнен» қуылды
Спорт • Бүгін, 16:21
Руханият • Бүгін, 16:00
Палата отырысының күн тәртібі бекітілді
Парламент • Бүгін, 15:48
Президент актриса Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 15:46
Шпекбаевтың қақпаны: Антикордың экс-басшысы қанша жемқордың ісін әшкереледі?
ANTIKOR • Бүгін, 15:35
Жолдарды күтіп ұстамаған лауазымды тұлғалар жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 15:27
Денсаулық сақтау министрлігі улы маскалар туралы пікірді теріске шығарды
Қоғам • Бүгін, 15:27
Руханият • Бүгін, 15:25
Атырауда үйден өрт шығып, 4 бала құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Әскери қайраткер Ким Серікбаев дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 15:03
Тұғыл тұрғындары балықшының мәйітін судан шығарды
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Президент Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:43
Сарыағашта құтқарылған тасбақалар табиғат аясына қайта жіберілді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
Қостанайда бес метрлік мұзды тау жолды жауып тастады
Видео • Бүгін, 14:13
Польшада 13 боксшымыз қарсыластарын жайпап келеді
Спорт • Бүгін, 14:02
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 13:37
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:22
ІІМ Қазақстан жолдарына қатысты адам шошырлық дерек айтты
Қоғам • Бүгін, 13:10
Елордадағы Триатлон саябағынан 66 көше шамы ұрланды
• Бүгін, 13:07
Қарағандыда қылмыстық топ құрықталды
Қоғам • Бүгін, 12:59
ШҚО-да 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
Аймақтар • Бүгін, 12:58
Қазақстанда алтын өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:46
Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды
Аймақтар • Бүгін, 12:41
Елімізде кинотеатр билеттері айтарлықтай қымбаттады
Кино • Бүгін, 12:38
Жануарларға жәбір көрсеткендерге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Экология • Бүгін, 12:33
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады
• Бүгін, 12:18
Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Саясат • Бүгін, 12:15
Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді
• Бүгін, 12:06
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 12:05
Сарапшылар құбырдағы судың сапасын тексерді
Экология • Бүгін, 12:03
Нұр-Сұлтанның орталығында жол опырылып түсті
Оқиға • Бүгін, 11:49
Nur Otan-ның жұмысын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
Қоғам • Бүгін, 11:45
Экономика • Бүгін, 11:44
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді
• Бүгін, 11:36
Елбасы Түрікменстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы • Бүгін, 11:20
Қазақстанда коронавирустан 23 науқас көз жұмды
Қоғам • Бүгін, 11:14
Қазақстанның Қырғызстан және Үндістандағы елшісі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Мемлекет басшысы бірқатар мемлекетке жаңа елшілер тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:08
Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:56
ШҚО-дағы Шар өзенінде балық қырылуда
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 10:39
Шымбұлақ шыңынан 6 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:30
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 10:20
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 700 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Биыл 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Құрттың ішінен есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Спорт • Бүгін, 09:40
Қызылордада ауа сапасы нашарлайды
Аймақтар • Бүгін, 09:22
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
Қазақстан • Бүгін, 09:20
Ұқсас жаңалықтар