Тексеру барысында мамыр айында бір қала тұрғыны арызданушының сеніміне кіріп, "жұмысқа орналастырамын, қолжетімді бағамен баспана сатып алуға көмектесемін, сіңліңді университетке түсіруге жәрдем беремін" деген желеумен 5.245.000 теңге ақшасын иемденгені белгілі болды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті, бұрын сотты болған, 28 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.