09 Қараша, 2013

«Әл-Каида» Сириядағы қарулы тобын таратты

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09-11-13-Aiman-al-kaida

Усама бен Ладен өлтірілгеннен кейін оның орнын басқан Айман әл-Зауахири Сирия аумағында белсенді әрекет етіп жүрген «Әл-Каида» қарулы тобының бірі – «Ирак пен Левант ислам мемлекетінің» таратылғанын мәлімдеді. Бұл туралы  News.ru порталы хабарлады.

Бұл қарулы топ «Әл-Каида» ұйымы басшылығының рұқсатынсыз құрылғандықтан таратылған.

2013 жылдың маусым айында «Әл-Жазира» телеарнасы Айман әл-Зауахиридің хатын жариялаған болатын. Хатта «Әл-Каида» ұйымының Ирактағы жетекшісі Әбу Бакр әл-Бағдади «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» тобын басшылықтың келісімінсіз құрғаны айтылған.

Айман әл-Зауахиридің айтуынша, Сирия жерінде Башар Асад билігіне қарсы «Әл-Каиданың» ұйымына қарасты тек «Әл-Нусра майданы» қарулы тобы күресуде.

Жолдыбай Базар.

Соңғы жаңалықтар

Асауға тұсау салынды ма?

Өнер • Бүгін, 10:00

579 млрд теңге инвестиция тартылды

Экономика • Бүгін, 09:25