Қоғам • 06 Қазан, 2020

ІІМ ресми өкілі қай өңірлерде блокбекеттер қойылғаны туралы жауап берді

669 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз "Таңшолпан" бағдарламасында қонақта болып, санитарлық нормалардың қалай сақталғаны туралы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы қатаң карантиндік режімге жабылады деген жалған хабарламаларға нақты жауабын берді, деп хабарлайды Egemen.kz

ІІМ ресми өкілі қай өңірлерде блокбекеттер қойылғаны туралы жауап берді

"Қазір елдегі ахуалды Бас санитарлық дәрігер бақылауда ұстап отыр. Бас санитарлық дәрігердің әр өңірлерде өзінің санитарлық дәрігерлері бар. Бүгінде әрбір өңірдің жағдайы әртүрлі. Мәселен, Алматы қаласында жағдай сәл өршіп кететін болса, сол өңірдің санитарлық дәрігері қаулы шығарады. Солай санитарлық іс-шараларды күшейтеді", дейді ол.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы қатаң карантиндік режімге жабылады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып өтті.

"Бүгінде тек Атырау облысында ғана 4 блокбекет қойылған. Оның өзінде ол блокбекеттер Атырау облысының кәсіпорындарында орналасқан. Яғни ол жердегі шектеу нормалары санитарлық дәрігерлердің нұсқауымен қойылды. Ал басқа облыстарда блокбекеттер қойылмаған. Сондай-ақ бізде әрбір өңірде өзінің оперативті штабы бар. Ол сол аймақтың әкімдігіне қарайды. Егер жағдайи ушығып кетсе, сол штабта талқыланып, әрі қарай әкімдікке жеткізіледі. Осыған сәйкес санитарлық дәрігер қаулы шығарады. Осыған байланысты әкімшілік тарапынан жасақталған мониторингтік топ жедел әрекет етіп, барлық тиесілі қорғаныс күштерін, я болмаса блокбекеттерді орнатуға сақадай-сай", дейді Нұрділдә Ораз.

Індеттің бастапқы кезеңінде әр аймақта жалпы 400-ге жуық блокбекет қойылғанын және күніне шамамен 10 мыңдай қызметкер, соның ішінде 5 мың әскерилер жұмыс істегендігін қоса кетті.