Саясат • 07 Қазан, 2020

Жеке инвесторлар көтерме-тарату орталығын салмақ

229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабар­лағандай, 7 көтерме-тарату орталығын салу үшін жеке қаржылық бастама нысанында жеке инвесторлар консорциумынан өтінім келіп түсті.

Жеке инвесторлар көтерме-тарату орталығын салмақ

Аталған консорциумға агроөнеркәсіп тауарларын өн­дірушілер мен сауда жүйесінің қатысушылары кіреді.

Бірінші КТО Павлодар облысының Мичурино ауылында және Ақсу қаласында, Алматы облысының Қапшағай қаласында, Жамбыл облысы­ның Шу қаласында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында салынады.

Жалпы, құрылатын Ұлттық тауар өткізу жүйесі 24 көтерме-тарату орталығынан тұратын болады.

«Бірінші кезеңде 7 объектінің құрылысы ұсынылады: 4 көтерме-тарату орталығы (сақтау) және 3 көтерме-тарату орталығы (бөлу), бастамашылық ету мерзімі 2020 жылдың 5 қазаны, екінші кезеңде – 7 нысан (2021 жылдың көктемі), үшінші кезеңде – 10 нысан (2021 жылдың күзі)», деп мәлімдеді Б.Сұлтанов. 

Ұлттық тауар өткізу жүйесі­нің барлық моделін жеке қар­жылық бастама арқылы мемле­кет-жекеменшік әріптестігі қа­ғи­даттарында іске асыру көз­деледі. Елімізде құрылатын Ұлт­­тық тауар өткізу жүйесінің ин­фра­­құрылымы 2,1 млн тонна­дан астам тауарларды қабылдауды, сақтауды және ауыстырып тиеу­ді қамтамасыз етуге және 5 мың адамға жұмыс орындарын құру­ға мүмкіндік береді. Көтерме-тарату орталықтарының номенклатурасы 20 мыңнан астам өнім атауын құрайды.

Сауда және интеграция ми­нистр­лігінің жоспарлары бо­йынша Ұлттық тауар өт­кізу жү­йесі фермерлерді, сатып алу­шы­ларды, көлік қызмет­кер­лерін, өт­кізу­шілерді және тұтыну­шы­ларды біріктіру керек.

«Ұлттық тауар өткізу жүйесі өндірушілердің өткізу нарықтарына «алқап­тан» «сө­реге» дейін, ал тұтыну­шы­лар­дың сапалы өнімге еркін қол жет­кізуін қам­тамасыз етеді», деді Сауда және интеграция министрі.

ҰТЖ құру шеңберінде үш үлгідегі көтерме-тарату орталық­т­арының бірыңғай желісі құры­латын болады:

- сақтау (өндіріс аудандарында, қабылдау, сақтау және бас­тапқы өңдеу бойынша қыз­меттер көрсетілетін болады);

- сауда (облыс орталықтары мен ірі қалалардың қала ма­ңында дистрибьюторларға, дүкендерге және қоғамдық тамақ­тану орын­дарына өткізу, пысық­тау және т.б. кезеңде сақ­тау инфра­құры­лымына қолжетім­ділікті қам­та­масыз етеді);

- бөлу (қалалар шегінде немесе қала маңында. Сауда объектілерінің қажеттіліктері үшін өнімнің көтерме партия­ларын уақытша сақтау және ауыс­тырып тиеу бойынша логистикалық қызметтер көрсе­тетін болады).