Руханият • 07 Қазан, 2020

Қарияның құжатын қайта жасап берді

205 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы жылдың ақпан айында Жетісай ауданы Күрішті ауылының тұрғыны 99 жастағы Күлай Сүгірбаеваның осы уақытқа дейін жеке куәлік алмағаны туралы мәселе көтерілген еді. Сол кезде анықталғандай Күлай әже өзінің барлық құжаттарын жоғалтып алып, соның салдарынан ұл-қыздары да құжатсыз жүрген екен.

Қарияның құжатын қайта жасап берді

Ал полицейлер болса, Күлай Сүгірбаева жеке басын куәландыратын құжат алу жөнінде Жетісай ауданы полиция бөліміне өтініш біл­діріп, көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгін­бегенін айтқан болатын.

Осыған байланысты қарияға тәртіп сақ­шылары Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстан азаматтығына құжаттандыру үшін бірінші кезекте полиция бөліміне барып өтінішхат жазуы тиіс екендігі түсіндірілген. Оған қоса Қазақстан азаматтығына тиесілі екенін анықтау үшін өтінішхатпен бірге туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом немесе шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірмелерін тапсыруы қажет. Алайда тексеру барысында жоғарыда көрсетілген құжаттардың ешқайсысы азаматша К.Сүгірбаевада жоқ екендігі белгілі болды.

Жетісай аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің қызметкерлері Ішкі істер ми­­нистрлігінің талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, Күлай Сүгірбаеваға құ­жат­тарын жинақтауға көмектесті. 2-3 ай ара­лығында сот шешімімен туу туралы куәлігі қалпына келтіріліп, дайын болды. Одан кейін жедел әрекет еткен полицейлер азаматша К.Сүгір­баеваның Қазақстан азаматтығын рас­­­тау туралы өтінішхатын қабылдады. 20 күн­нен кейін тұрғынның жеке куәлігі даяр болды. Осылайша бір ғасыр жасаған әжейге жеке куәлігін тапсыру үшін тәртіп сақшылары барлық қажетті шараларды жүргізіп, көмек қолын созды. Дайын құжатты ақжаулықты ананың шаңырағына барып, арнайы тапсырды.

Өз кезегінде жетісайлық 100 жастағы ана құжаттарын жасап берген полицейлерге алғы­сын білдіріп, жұмыстарына табыс тілеп, ақ батасын берді.