Қоғам • 07 Қазан, 2020

Алматыдан Ақтөбеге велосипедпен барады

229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматылық әуесқой велошабандоз Дамир Көшеев велосипедке мініп Ақтөбеге бет алды. 2200 шақырымды шайтанарбамен еңсерем деген ерікті сапар барысында мұқтаж жанұялардан шыққан жеткіншектерге қайырымдылық көмек көрсетуді көздеп отыр.

Алматыдан Ақтөбеге велосипедпен барады

 

Қызығы мен қиыншылығы қат-қабат мұндай айшылық сапарға шығуға екінің бірінің батылы бара қоймайтыны белгілі. Ал Дамир үшін бұл алғашқы тәуекел емес. Ол жаз маусымында «Абайға жол» акциясы аясында ақынның туған жеріне жаяу сапар шеккен. Алматыдан туған бауыры Дәулет Көшеевпен бірге Се­мейге алпыс екі күнде аяқ басқан азамат, бұл ісін ұлы ойшылдың мерейтойына қос­қан аз да болса үлесім деп есеп­тейді. Оның сөзінше, ке­зекті сапардың мәні тіптен бөлек.

«Жоспар бойынша 5 облысты велосипедпен жүріп өту­ге тиіспін. Жол бойы кездескен ауыл-аймақтарды аралап, ондағы смартфон, планшет секілді техникаларға мұқ­­таж оқушылардың тізі­мін жасаймын. Ал шеру ұйым­дастырушылары тиісті қа­ра­жатты жинап, көмекке зәру жандарға жіберіп отырады. Саяхаттағанды жаным сүйеді. Сүйікті ісімнің қайы­рым­ды­лықпен қабысқаны тіптен тамаша болды. Жақ­сылық жасау – мен үшін ең абзал іс. Бұдан кейін де осы мақсатта еліміздің барлық облысын аралау ойымда бар», дейді Дамир Көшеев.

Айрықша жобаға демеу­шілік танытқандардың бірі кәсіпкер Қайрат Құдайберген. «Берсең балаға бер» деген қағи­даны алға ұстаған азамат, «шеткері ауылдардағы интернеттің қалай жұмыс істейтінін, балаларға қашық­тан білім алуға қандай жағ­дай жасалғанын білгіміз ке­леді» дегенді айтады. Қайы­рым­дылық қанат қақса қан­дай жақсы. Мұндай шаралар жұрт­шылықтың назарын аудара отырып, игі істердің өр­кен жаюына серпін беретіні сөзсіз.

Ал Алматылық Дамир Кө­шеевке: «жолың болсын, жолау­шы!» дегіміз келеді.

 

АЛМАТЫ