Қоғам • 07 Қазан, 2020

Басты міндет – жазылушыға жақсы қызмет көрсету

194 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өмірімді пошта қызметімен байланыстырған мен 1991 жылдан бері осы салада еңбек етіп келемін. Алғаш Шардара ауданын­да жұмысқа қабылданып, еңбекқорлығымның арқа­сында 2000 жылы «Қазпошта» АҚ облыстық бөлімше­сіне қызметке келдім. Содан бері 20 жылдай осы мекемеде еңбек етіп келемін.

Басты міндет – жазылушыға жақсы қызмет көрсету

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Басылымдарға жазылым науқаны басталар сәтте арнайы бұйрық шығарылып, барлық мекемелерге хат ретінде жолданады. Бұл шара жылына екі мәрте ұйымдастырылғанмен әр ай сайын да жазылым жұмыс­тары жалғаса береді.

Алайда қазіргі таңда бас­пасөзге жазылуда ең үлкен бір қиындық  білім беру меке­ме­­леріне қатысты болып отыр. Себебі, «газет-жур­нал­ға мұға­лімдер мен балабақ­ша тәр­бие­шілерін күштеп жаз­ды­ру­ға болмайды», деген ере­жені көлденең тартқан ұжым бас­шылары бізбен оңай­лық­пен келісімшартқа тұра қой­май­ды. Екіншіден әкімдік тара­пы­нан ешқандай қолдау көрсетілмейді. Көбіне жеке тұл­ғалардың өз қалауына қал­дырып жатады. Сондық­тан биыл қағаз басылымдар­дың тиражы күрт төмендеп кетті. Көбіне заңды тұлғалармен жұмыс істегендіктен олармен кепілдеме хатпен жазылым қабылдап аламыз. Мәсе­лен, 60 күн деп алсақ, кейде соның өзі 6 айға созылып кетіп жатады. Бюджеттік ме­ке­­­ме­лер­ден жазылым ақы­сы уақтылы аударылмайды. Есе­сіне редакцияларға өз есе­біміз­ден қаржыны уа­қтылы аудар­ғанмен, екі ортада біз қиналып жатамыз.

Облыс көлемінде Қазпошта филиалымен қатар жазылым жұ­­мыстарын жүргізетін 10 бә­се­­келес мекеме бар. Олар түр­лі сыйақылар, жеңілдіктер қарас­тыру арқылы біздің жазы­лу­шы­лары­мызды өздеріне тартып алуда. Дегенмен, бұрын­нан бері іс­керлік байланыс­та жұ­мыс істеп келе жатқан «Қа­зақ­­стан темір жолы, «Пет­ро­Қазақ­стан» секілді ұжым­дар әлі де Қаз­пошта қызметіне жүгінуде.

Шалғайдағы елді мекендерге газет-журнал жеткізуде бас­қа ме­ке­мелер бізге бәсекелес бо­­ла ал­майды. Анығында, біз ап­­­т­а­сына алты рет, карантин жағ­­­дайында аудандарға бес рет­­тен жеткізу жұмысын жолға қой­­дық. Ауылдық әкімдіктер, балабақ­­шалар, мектептер мен ауру­­х­а­налар Қазпошта арқылы жазылады.

Еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газеті күн­делікті жарық көретін­дік­тен, оқырманға жылдам жет­кізу үшін барымызды сала­мыз. Себебі, ғасырлық тари­хы бар газетте саяси, эконо­микалық, әлеуметтік ма­ңызды жаңалықтар, сарап­тамалар көптеп жарық көреді. Оны жазылушы патша көңіл оқыр­манға жеткізу әрбір Қазпошта қызметкерінің міндеті.

Біздің тұрғылықты жазылушыларымыз түрлі мекеме қызметкерлері мен зейнеткерлер болғандықтан газеттің уақ­тылы жеткенін бақылап, кері байланысқа шығып тұрады. Сол себепті, газеттің өңірдегі тіл­шілері арқылы газеттің күн­делікті жарық көргеннен бас­тап, кешікпей таралуына дейін қадағалап отырамыз.

Қазіргі таңда пошта өн­дірістік логистика бөлімінің бас­шысы болып жұмыс істей­мін. Барлық пошта жөнелтім­дерінің келіп-кетуін, уақтылы жеткізілуін қадағалап оты­рамыз. Сондай-ақ әр аптада аудан, ауылдарға 5 реттен жет­­кі­зу қызметін ұсынамыз.

 

Қалдыгүл САБДЕНОВА,

«Қазпошта» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының өндірістік логистика бөлімінің басшысы