Пікір • 07 Қазан, 2020

Таңертеңнен тыным таппайтынбыз

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазпошта саласында 30 жылдай еңбек етіп, зейнетке шықтым. Ол заманда жұмысты техниканың күші­мен емес, барлығын өз қолымыз­бен істейтінбіз. Әр пошта мекемесіне газет-журнал жеткізуге арнайы кө­лік­тер келетін.

Таңертеңнен тыным таппайтынбыз

Пошташылар өз­дері­нің сөмкелеріне сыйғанынша газет-журнал, хат-хабарды салып, күнде қала кезіп жүретін. Шаһардың әр аудан, көшелерінде арнайы пош­та жәшіктері орнатылып, есігі құлыптанатын. Тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы жылдары хат, сәлемдеме өте көп болғандықтан бос отыруға уақыт болмайтын. Поштаға келген тұрғындарға дұрыс қызмет көрсетуге тырысатынбыз.

Осы саладағы еңбегімді елеп еске­ріп, өңірден Мәскеуде өткен Кеңес­­тер Одағының алқалы жиында­рына делегат болып қатысып қайт­тым. Осы салада тапжылмай жұмыс істеп 2008 жылы ұжымдастар он бірін­ші пошта бөлімшесінен құрметті зей­нет­керлікке шығарып салды.

 

Амангүл БЕЙСЕНОВА,

зейнеткер, пошта саласының үздік маманы