Елорда • 07 Қазан, 2020

Елордада 10-11 қазанда Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жәрмеңкесі өтеді

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 және 11 қазанда елордада Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен аймақтық қорытынды жәрмеңке өтеді

Елордада 10-11 қазанда Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен облыстың ауылдық аймақтарының ауыл шаруашылығы құрылымдары, сондай-ақ Петропавл қаласы мен облыстың барлық аймақтарының 115-ке жуық кәсіпорны қатысады. Ауылшаруашылық өнімдерінің 100-ден астам түрі ұсынылады.

Жәрмеңкеде 1218 тоннаға жуық азық-түлік өнімдерін сату жоспарлануда. Оың ішінде еттің барлық түрі – 133 тонна; шұжықтар – 4 тонна; кондитерлік өнімдер – 1 тонна; макарон өнімдері – 5 тонна; жарма – 2,8 тонна; бал – 13 тонна; қымыз – 1 тонна; сүт өнімдері – 14 тонна; май – 1,3 тонна; ұн – 28 тонна; картоп пен көкөністер (қырыққабат, сәбіз, қызылша, бақша өнімдері) – 944 тонна.

Барлық өнімдер Нұр-Сұлтан базарларындағы орташа бағадан арзанға сатылатын болады. Жәрмеңкеге брендтері бүкіл елге және шетелге танымал кәсіпорындар қатысады: "Зенченко и К", "Масло-Дел" ЖШС филиалы, ЖШС "Галицкое", ЖШС "Рубиком", ЖШС "КЭММИ", ЖШС "МолКом Павлодар", ЖШС "Крендель" және басқалар.

Шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізіледі. Келушілер маска тағуы, санитайзер қолдануы және арақашықтықты сақтауы қажет.